Пример бегущей строки

Біздің әлеуметтік желіміз::

Педагогикалық әдеп жөніңдегі кеңес отырысының

№ 1 хаттамасы

25 тамыз 2021 жыл

 

 

Қатысушылар: балабақша әкімшілігі,балабақша ұжым мүшелері.

 

Күн тәртібінде:

1.Педагогикалық этика кеңес құру туралы ережені қарау және бекіту

2.Педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің құрамын сайлау.

 

 

Күн тәртібіндегі бірінші  мәселе бойынша балабақша меңгеруші м.у.а М.А.Аяганова:

-Педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы ережемен таныстырп өтейін.Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарында педагогтердің  педагогикалық әдепті сақтау мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады.

Кеңес өз қызметін «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына ,осы Қағидаларға,өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және обьективтілік пен әділдік ,әдептілік,қоғамдық пікір мен жариялылықты есепке алу қағидаттарын басшылыққа алады.

Кеңестің негізгі міндеттері: білім беру ұйымдарында педагогикалық әдепті сақтауды қамтамасыз ету; педагогикалық  әдепті бұзуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды талдау;педагогтердің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты толық және обьективті зерттеу болып табылады.

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын орындау бойынша тиісті шаралар қабылдамаған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстармен құзыретті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды тұлғаларға,білім беру ұйымының құрылтайшыларына жүгінуге құқылы.

Кеңес отырысы: егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санынын кемінде үштен екісі қатысса  ,заңды деп саналады,қажеттілігіне қарай,бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі..Кеңес мүшелері оның отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.

Сонымен қатар кеңестің міндетіне педагогтардың тәртіптік істерін қарау кіреді.Тәртіптік істердің қарау қорытындысы бойынша Кеңес келесі шешімдердің бірін шығара алады:білім беру ұйымының басшысына педагогке тиісті тәртіптік жаза қолдануды немесе қолданбауды ұсыну,тәртіптік істі тоқтату.

 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша:

Педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің құрамына төмендегідей тұлғалар ұсынады.

-Аяганова Айзат Мейрамбаевна-балабақша  әдіскері

-Сапарова Айсауле Абылхайыровна-балабақша аға тәрбиешісі

-Испаева Гүлдана Тыныштыковна-балабақша тәрбиешісі

-Бижанова Сандуғаш Умеркалиқызы-балабақшаның тәрбиешісі

Құбайдолла Мәншүк Амангелдіқызы-Хатшы

 

Кеңес шешімі:

  1. «Төре балабақшасы» ЖШС жанындағы педагогикалық әдеп кеңесінің ережесі бекітілді.
  2. .Педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің құрамы жиналысқа қатысушылардың келісімімен сайланды.

 

 

 

 

Кеңес төрайымы:                              М.А.Аяганова

Хатшы:                                              А.М.Құбайдолла