Педагогикалық әдеп жөніңдегі кеңес отырысының
№ 2 хаттамасы
21 қазан 2021 жыл
Қатысушылар: балабақша әкімшілігі,балабақша ұжым мүшелері.
Күн тәртібінде:
1.Педагогтардың әдеп-этикалық нормалары.
2.Педагог бейнесі,,өзін-өзі тәрбиелеу жолдары;
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша балабақша әдіскері М.А.Аяганова:
Ұстаз ата-аналармен ,оқушылармен және әріптестерімен әңгімелесу кезінде педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеті. Айсауле Абылхайыровна чаттардағы қарым-қатынастың қарапайым нормаларына тоқталып мессенджерлер жіберу туралы бірқатар мысалдар келтірді.Жеке сұрақтарыңызбен жалпы алқалық чатқа араластырмауды ескертті.Сөйлеу кезінде этикалық нормаларды ұстауға кеңес берді.
Ұстаз этикасы-мұғалім мен бала ,ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас.Педагогикалық этика-ұжым ішінде,мұғалімдер арасында басталып,өзінің заңды жалғасын табуы тиіс.Моральдық тәрбие-жан-жақты және үйлесімді дамыған адамды қалыптастырудың пәрменді құралы.Адамгершілікке тәрбиелеу ісінің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері мен заңдылықтары болғандықтан,оның ғылыми негізделген жүйесі жасалуға тиіс.Бұл маңызды да құрметті міндет педагогика және этика ғылыми өкілдерінің ынтымағы нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін.Кәсіптік этиканың ережелері мен принциптері бірнеше кәсіптерді қамтуы мүмкін.Мысалы педагог этикасы балабақшаларда,мектептерде,орта арнаулы,және жоғары оқу орындарында істейтің адамдардың қарым-қатынастары ұқсастығына байланысты оларды реттейтін жалпы нормаларды қарастырады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша тәрбиеші-педагог Испаева.Г.Т
Мұғалім өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбетіне баса назар аудару керек.Әр тәрбиеленушіге жол сілтеп,оның бойына жақсы қасиеттер сіңіретін бірден-бір жан болса,ол-ұстаз. «Шәкірттың жақсы болмағы – ұстазынан» деп дана халқымыз айтқандай,ұстаз оқушыларды білім нәрімен сусындатып,қолынан келгенін үйретіп,бағыт-бағдар беріп қана қоймай,сыртқы келбетімен,киім киісімен,өзін ұстау әдебімен үлгі бола білуі тиіс.Себебі балалар педагогтың біліміне ғана емес,жоғарыда аталған қасиеттеріне де ерекше көңіл бөліп тәлім алады.Түстерді дұрыс үйлестіре білген жөн.Педагог киіміндегі құптауға лайық түстер: ақ және қара түс болып есептеледі.Сонымен қатар ақ сары,қошқыл көк,қоңыр түстерді де қолдануға болады.Өте ашық түстер аталған салада ерсі көрінеді.Педагогтың шаш үлгісі өзіне жарасымды болғаны дұрыс.Педагог мамандығына сай талғаммен киініп,ұқыпты келбетімен үлгі бола отырып,ішкі жан дүниесінің көркемдігімен,бала жанын ұғына алар кеңпейіл мінезімен көрінуі керек.Адамдар үйлесімділікке баса назар аударатынын еске сақтаңыз.Мәселен,қалай болса солай жасалған шаш
Кеңес шешімі:
- «Төре балабақшасы» ЖШС де педагогтің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртиқы келбеті назарға алынды.
- Педагог мамандарға педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеттелінді.
Кеңес төрайымы: М.А.Аяганова
Хатшы: А.М.Құбайдолла






