Пример бегущей строки

Біздің әлеуметтік желіміз::

«Төре» балабақшасы - 2017 жылдың мамыр айынан бастап қызмет жасайды. «Төре» балабақшасы- оқыту мен тәрбие беру бағыттың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының тиімді жүзеге асыруын басты мақсат етіп алған.  Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың денсаулығын сақтау құзыреттілігін арттырып, сауықтыру шараларын жаңа бағытта өткізіп,мектепалды даярлық жұмыстарын толыққанды қамтамассыз етіп, зияткерлік,тұлғалық,әлеуметтік, эмоционалдық дамуын ұлттық рухта тәрбиеленуін отбасымен бірлескен қарым- қатынас барысында реттейтін инновациялық типтегі мекеме. Балабақшамызда балаларды дамыту үшін «Шахмат» және «Үстел үсті  теннисі» үйірмелері қосымша жұмыс жасайды. Заманауи технологияларды қолдану аясында «Құм терапиясы» иннавациялық алаң  және «Эбру» арт-терапиясы  жұмыс жасауда

 

Мектепке дейіңгі тәрбие мен оқытуды дамытудын жаңа моделіне сәйкес дамытушы орта құрылды.

BOOKCROSSING

Кітап оқу бұрыштарын құру-балалардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін,кітапқа деген қамқорлығын ұлттық қазына ретінде тәрбиеленудің ерекше мүмкіндігі.Балалар кітаппен танысып,үйге оқу үшін кітап алып,балабақшадағы оқу бұрышында ата-анасымен бірге оқи алады.

Балабақша залында белсенді ойындар орталығы бар.Заманауи ойын кешені құрылды:

Бизиборд дамыту тақталары.

«Ойын-сауық тақтасы»Балаларға арналған дамыту тақтасы,ол сонымен бірге кішкентайлардың жалпы дамуы үшін ойын-сауық және ұйымдастырылған іс-әрекет болып табылады. 

Құм терапиясы .Бала өзін жайлы,қорғалған күйде сезініп,шығармашылық,белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру.Құмнан суреттер салып,әр-түрлі оқиғаларды ойлап тауып,бір-бірімен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі туады.

Үстел теннисі жаттығулары зейінділікті,ептілікті және басқа да қабілеттерді дамытуға көмектеседі.Баланы эмоцианалды жағдайына жағымды әсер етеді.Теннис бұл тамаша ойын-сауық және жағымсыз ойлардан арылуға мүмкіндік.